Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны танымаймын": Жанар Айжанова желіде аты аталып жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жанар Айжанова
Жанар Айжанова. Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Отандық танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова желіде тарап кеткен суреттеріне қатысты пікір білдірді. Фотода әнші соңғы Талғардағы жағдайға қатысты ақпараттарда аты аталып жүрген Хасан Қасымбаевпен бірге тұрған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде Хасан Қасымбаевтың бірқатар өнер иесімен түскен суреттері тарап кетті. Олардың бірінде Жанар Айжанова да болған. Актриса аталмыш фотолар шыққан соң, халықтың сынына ұшырағанын айтты.

Сол себепті өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видеоүндеу жариялап, қызу талқыға түскен суретке қатысты пікір білдірді. Ол Қасымбаевты мүлдем танымайтынын жеткізді.

"Қай жылы екенін білмеймін. Желкемнен келіп суретке түскен екен. Мен енді арқамнан суретке түскен адамдарға жауап бермеймін ғой. Маңдайында не деп жазулы тұрғанын қайдан білейін. Түссе анау, түспесе, көкірек деп айтасыңдар", - деді Айжанова.

Оған қоса ол желіде тарап жатқан суреттің қай жылы жасалғаны есінде жоқ екенін алға тартты.

"Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қазаның маған не қатысы бар?! Сендер айтқаннан кейін, Хасан екенін біліп жатырмын. Оны танымаймын. Бір томпиған бала артымда тұр. Ол қай жылы түскен сурет, қай жерде түсірілгені есімде жоқ. Тағы басқа да әншілер тұр", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2175828-ony-tanymaimyn-zhanar-aizhanova-zhelide-aty-atalyp-zhurgen-hasan-qasymbaevpen-tusken-suretine-pikir-bildirdi/