jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қорқатын болдық": Әуелбековамен амандасқан Заттыбек Көпбосынұлы елді күлдірді (видео)

    Мөлдір Әуелбекова мен Заттыбек Көпбосынұлы
    Мөлдір Әуелбекова мен Заттыбек Көпбосынұлы. Видеодан кадр: Instagram/moldir.auyelbekova

    Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде Заттыбек Көпбосынұлымен түскен видеосын жариялап, елді күлдірді. Бейнежазбада өнер иесінің әріптесі онымен қалай амандасатынын білмей қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеода Заттыбек Көпбосынұлы оған қолын тигізбей, алыстан амандасқанын көруге болады.

    Өнер иесі бұл жайтқа таңғалғанын жасырмады. Сөзінше, Заттыбек Көпбосынұлы бұған дейін жариялағанған видеоны көріп, оның астындағы халықтың пікірінен қорқып қалған.

    "Өткендегі Сәкеннен кейін қорқатын болдық қой?!" дейді, Заттыбек ағам. Пікір оқыған ғой, сонша қорқытқандарыңыз не?! "Ассалаумалейкум" дей салу күшті емес пе? Әлде, еркек пен әйел сүйіскен дұрысырақ па? Қол ұстасып, құшақтаған ба? Қалай өзі? Мәселені шешіп алайық", - деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары Заттыбек Көпбосынұлының амандасқанын қызу талқылап, оның ақкөңілділігіне тәнті болған.

    "Заттыбек ағамыз ақкөңіл ғой. Қорқып амандасып тұрғаны күлкілі екен", "Заттыбек аға, қатырды. Күлкім келген-ай", "Тоқтамай күлдім. Аға сескеніп тұр ғой кәдімгідей", - деп жазуда оқырмандар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.