jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "6 жыл күткен едік": Айдарбекова ұлын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады

    Гүлзира Айдарбекова
    Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянды туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

    Гүлзира Айдарбекова аналық ақ тілегін Instagram-дағы парақшасында білдірді. Жұлдызды ана ортаншы баласына деген махаббатын жеткізіп, отбасылық мұрағаттағы суреттерді жариялады.

    "Бүгін менің қара балам, жүрегі мейірімге толы, ақкөңіл, ақ жүрек дара балам Аянымды өмірге алып келген күнім. Тұла бойым тұңғышым Қайратымнан кейін, Нүрекең екеуіміздің 6 жыл қатты күткен баламыз.

    Ең бастысы амандығымен, жанұясының ауызбіршілігі молынан болып, Айгерам екеуінің бір-біріне деген адалдығымен, әулетке деген құрметімен осы қалыптарында ұл-қызының қызығын көріп, ұзақ жасап, араларында тек мөлдір махаббат болып, бізді қуантып, 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулерін Алла жазсын", - деп жазды продюсер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.