Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдап шақырды": Алтынай Жорабаеваға құрбысы қымбат көлік сыйға тартты (видео)

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева. Видеодан кадр: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева туған күні қарсаңында бағалы сыйлыққа ие болды. Өнер иесінің құрбысы оған салоннан қымбат көлік сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева бұл туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы үшін бұл мүлдем күтпеген тосынсый болған. Құрбысы өзіне көлік алғанын айтып, оны автосалонға алдап шақырып алған.

Әнші жариялаған видеода оның досы үшін қатты қуанып, көлігіне шашу шашып жатқанын көруге болады. Алайда бейнежазба соңында Жорабаева бұл темір тұлпарды құрбысы өзіне сыйлап жатқанын біледі. Шоу-бизнес өкілі мұндай бағалы сыйлыққа таңғалып, жылап қалады.

"Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, "Алтынай әпке, мына машина сіздікі" деп жазып қойыпты. Кешке кішігірім атап өтеміз. Ет асып жатырмын", - деп жазды әнші.

Айта кетерлігі, Жорабаеваға Lexus LX600 маркалы автокөлігін сыйға тартқан. Оның нарықтағы бағасы 62 млн теңгеден басталады.

Өнер иесіне көлікті сыйлаған беогілі аспаз Индира Жакупова оған алғысын айтып, әсерлі жазба жариялады. 

"Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!", - деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2177637-aldap-shaqyrdy-altynai-zhorabaevaga-qurbysy-qymbat-kolik-syiga-tartty-video/