Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойымызға келмейтін дүниелер жазған": Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбділдәға берген уәдесін орындады (видео)

Жарияланған күні:

Ұлықпан Жолдасов сұхбат беруде
Ұлықпан Жолдасов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/DaStarXan

Отандық сазгер Ұлықпан Жолдасов жақында абақтыдан шыққан блогер Мұрат Әбділдәнің шығармашылығына қатысты ойын айтты. Ол шымкенттік тиктокерге ән аранжировкасын жасап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлықпан Жолдасов желіде хитке айналған өнерпазға қатысты TikTok желісіндегі парақшасында айтты. Видеода ол Мұрат Әбділдә жіберген әнді тыңдап отырған.

"Мұрат інім маған осылай ән салып жіберді. Әні де, сөзі де қатты ұнады. Cover show жобасында "Шағала" әнінің сөзін өзгертіп айтқанмын. Бұл ән маған біраз көмек болды. Содан мен де Мұрат үйіне аман-есен оралып жатса, бір-бірімізді тауып алып, үш әннің аранжировкасын түгел жасап беремін деп өзіме уәде бергенмін, оған да айтқанмын.

Аранжировкасын бізде Азамат деген жігіт дайындады, Ринат та қатысты. Арасындағы аспаптарды, идеясын біраз талқыладық, Солай жігіттер жасап шығарды", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Артынша сазгер көпшіліккке әннің дайын нұсқасын тыңдатты. Осы тұста ол Мұрат Әбділдәнің шығармашылығына қатысты өз ойын да айта кетті.

"Мұраттың жалпы шығармашылығы әдемі. Әнін де, сөзін де өзі жазады. Сөзіне біраз ақын мін айтуы мүмкін, бірақ қарапайым халыққа жақсы өтетіндей сөздер жазған. Әні де тым жақсы, біздің ойымызға келмейтін дүниелерді жазған. Мен өзім де ән шығарамын ғой, бірақ әндері өте әдемі. Өзі мықты әнші болмаса да, өз әнін мықты жеткізіп береді. Сәттілік тілейміз. Мұрат, алға", - деп түйіндеді Ұлықпан Жолдасов.

Еске салсақ, осыған дейін Мұрат Әбділдә түрмеде 95 ән жазғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2177844-oiymyzga-kelmeitin-dunieler-zhazgan-ulyqpan-zholdasov-murat-abdildaga-bergen-uadesin-oryndady-video/