jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Келесі жылы орындалып келе жатқанына 40 жыл болады": Секен Тұрысбек әйгілі "Көңіл толқыны" күйінің шығу тарихын айтты (видео)

Секен Тұрысбек
Секен Тұрысбек. Фото: Instagram/turysbekseken

Қазақстандық танымал күйші Секен Тұрысбек әйгілі "Көңіл толқыны" күйінің шығу тарихы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Секен Тұрысбек "Көңіл толқыны" күйі өміріндегі қасіреттен кейін шыққанын жасырмады. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында шетінеп кеткен қыздары туралы жан сырын ақтарды.

"Келер жылы бұл күйіме 40 жыл болады екен. Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады дегендей, екі кішкентай Анар мен Жанардың жеті айында тілі шығып, 11 айында жүріп кеткен балалар еді. Бірі көзден, бірі сол аяғы тездетілгеннен ба көлік қағып кетті. Қасіреттен енді бір көзім ашылған кезде екеуі де шетінеп кетті. Сол уақытта сыймай жүрген кезде шыққан дүние. Күй адамның ішінде бір жұмбақ болып жатады. Ол табиғаттан, жақсы адамнан немесе кітап оқып отырғандағы әсер алғанда іштегі жүмбақтың шешімі табылып жатады.

Мәскеуде өткен жастар мен студентер фестивалі орманның ортасында өтті. Аяқ-асты жаңбыр жауып, бәріміз ағаштан салынған үйге келіп тығылдық. Екі жақ қабырғасы жабық, терезесі бар, ештеңе салынбаған. Үйдің бұрышында тұрғанмын. Сол кезде аяғымның астында жаңбырдың көлшігі пайда бола бастады. Сол жаңбырдың тамшысы маған күй болып сыбырлап отырған сияқты болды", - деді күйші.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.