jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Тағы бөпелі болармын": Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы сыр шертті

    Айжұлдыз Адайбекова
    Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы сыр шертіп, алдағы уақыттағы жоспарын айтты. Өнер иесі отбасын құрып, балалы болғысы келетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты сұраққа Revue News бағдарламасында жауап берген. Блогер ару тағы да балалы болуды армандайтынын жасырмады.

    "Отбасылық үлкен бақыт күтемін. Мүмкін тағы да бөпелі болармын. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Негізі өмірімде сіздер білмейтін көп нәрсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі өзі дайын болып, рұқсатын берген кезде мен де дайын боламын. Бәрібір сөз бар, тіл бар, көз бар дегендей көп нәрсені жариялаған жоқпыз", - деді актриса.

    Оған қоса Жанар Айжанова қызының әр шешіміне қолдау білдіретінін айтты.

    "Мен Айжұлдызды қолдаймын. Қандай шешім қабылдаса да, дайынмын. Ол 18 жастағы қыз емес. Оның таңдауына, шаруасына араласпаймын. Сәкен өте сыпайы бала. Айжұлдыздың көзінен өз адамын жолықтырғанын байқаймын", - деді Айжұлдыз Адайбекованың анасы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.