Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім": Тамара Асар жолдасымен қалай танысқанын айтты

Жарияланған күні:

Тамара Асар күйеуімен
Тамара Асар күйеуімен. Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар жеке өмірі туралы сыр шертіп, алғаш рет жолдасымен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі күйеуін жолықтырған соң жеті күннен кейін тұрмысқа шығып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Тамара Асар "Қазақстан" арнасындағы "Әйел әлемі" бағдарламасында ақтарыла сұқбат беріп, жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды.

"Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, “Құдай, маған күйеу берші” дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. “Мына әйелге үйленемін” деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім", - деді әнші. 

Оған қоса өнер иесі жолдасы бастапқыда дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін деп алдағанын айтты.

"Маған бір фирмада дәнекерлеушімін деді. Мен соған сендім. Танымал әнші бола тұра, "сварщикке" тұрмысқа шықтым. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен. Анасы өмірден өткеннен кейін мүлдем шай ішпей кетіпті. Бас қосқаннан кейін, менің шай құйғанымды көріп, қатты таңғалды", - деді эстрада жұлдызы.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2179845-zheti-kunde-turmysqa-shygyp-kettim-tamara-asar-zholdasymen-qalai-tanysqanyn-aitty/