Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетімнен сүйіп жылайды": Жазира Байырбекова қызының ерекше қасиетін айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде қызы туралы сыр шертіп, көпшілікке оның бойындағы ерекше қасиетті айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі қызы туралы ел білмейтін жайтты Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Сөзінше, перзенті 5 жасынан мейірімін төгіп, ата-анасы үшін алайдайды.

"Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой. "Папаңды сағынып жатырсың ба?" деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. "Сен өлмеші, Алла тағаладан мамам өлмесін деп күнде сұрасам, өлмейсің ба?" дейді. Қайдан естиді мұндайды білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп "Дайынсыз ба? Емдейін сізді" деп тұрады.

Мына киімді ки, мынаны киме деп ойларын айтады. Көңіл күйім болмай үндемей қалсам "мама саған не болды" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір. Мен оған не істесем соеның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "балапаным балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып, сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті", - деп жазды Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2180178-betimnen-suiip-zhylaidy-zhazira-baiyrbekova-qyzynyng-erekshe-qasietin-aitty/