jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Кезек келгенде қой бағатынмын": Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағы қалай өткенін айтты

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағы туралы сыр шертіп, басынан өткен қызықтарды айтты. БАҚ өкілі қой баққан кездерін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық мұрағаттағы фотосын жариялап, балалық шағы қалай өткенін айтып берді. Белгілі журналист кезегі келген кезде қой баққанын жасырмады.

    "Бала кезде күнде кешке көршілер бір-бірін аралап, түлігін іздейтін, 6 қойы,1 сиыры бұзаумен, Ақтөс атты иті бар, кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын. Суретте еш уайымы жоқ, ерке, әкесінің қызы 7 жасар Ләйлә, оң жағымда туысқан ағам Асылбек, және 4 жасар туған інім Ерлан.

    Бұл менің балалық шағымның куәсі бұрыңғы Қайнардың маңындағы ауылым Қайтпас 1, бүгінгі Нұртас шағын ауданы. Араға 40 жыл салып осы суретті жалғыз қайталау бұйырыпты. Ағам Бозарықта, інім Қаскелеңде отбасымен тұрады. "50 жылда ел жаңа" демекші, кезінде құр бос жатқан алқапта қазір зәулім үйлер, алфальтталған жолдар, кемі он шақты дүкен, ауруханалар, мектептер салынған. Халықтың қазіргі тұрмыс-тіршілігі де әлдеқайда жақсы. Шүкір. Ал Қайнардың алды жөнделген, ел барып демалатын сәнді орынға айналған", - деп жазды тележүргізуші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.