jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Халқыңа берерің көп еді": Мақпал Жүнісова Құрманай Бақтиярқызына әсерлі жазба арнады

    Құрманай Бақтиярқызы мен Мақпал Жүнісова
    Құрманай Бақтиярқызы мен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова белгісі сазгер Құрманай Бақтиярқзының қазасы өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Өнер иесі желіде марқұмға әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова қаралы хабарды естіген бойда Шымкент қаласына жол тартып, Құрманай Бақтиярқызының жаназасына қатысып қайтқан. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында айтты.

    "Шымкентке келіп, Құрманайжанмен қоштастық. Жаның жәннатта болсын, топырағың торқа болсын. Әлі еліңе, отбасыңа, ата-анаңа, халқыңа берерің көп еді. Арманың да зор еді, амал қанша", - деп жазды өнер иесі.

    Белгілі ақынның өмірден өткенін дәл туған күнінде естіген Алтынай Жорабаева барлық мерекелік шараларын ысырып, Шымкентке ұшып кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.