Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гонорарым мың доллар еді": Зарина Омарова бір күнде алты тойға шыққан кезін еске алды

Жарияланған күні:

Зарина Омарова
Зарина Омарова. Фото: instagram.com/zarina_omarova_official

Отандық танымал әнші Зарина Омарова 18 жасын еске алып, сол кезде табысы қандай болғанын айтты. Өнер иесі бір күнде алты тофға шығып, қомақты қаржы тапқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова танымалдылығы шарықтап тұрған кезі туралы "Мамский әңгіме" подкастында айтып берді.

"18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын. Әр тойға шығатын гонорарым мың доллар еді. Ол кезде бүкіл жерде мен хитпін. "31 арна", Hit TV бәрінде мен жүретінмін. "Алғашқы махаббат" әні шықты. Ерекше бейнебаянды Ташкентке барып, 20 мың долларға түсірдік. Сондай бір керемет кез еді. Ол кезде қыз әншілер, жас әншілер аз болатын. Дильназ екеуміз бар едік. Мадиналар енді-енді өнерге келе бастаған кез. Мен "Әнші балапаннан" бастап, "Жас қанат", "Азия дауысы" деген бүкіл конкурсқа қатыстым", - деді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2181008-gonorarym-myng-dollar-edi-zarina-omarova-bir-kunde-alty-toiga-shyqqan-kezin-eske-aldy/