jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Аяғыңыз ауыр ма": Айгүл Иманбаева көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

    Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева желіде оқырмандары жолдаған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесі жеке өмірі туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Актриса бүгінде үйлену тойына дайындалып жүргенін айтты.

    "2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

    Оған қоса желі қолданушыларының бірі өнер иесіне "Аяғыңыз ауыр ма?" деген сұрақ жолдады. Иманбаева бұл сауалды да жауапсыз қалдырмады.

    "Маған "Аяғың ауыр ма?" деген сұрақтар көптеп келіп жатыр. Босанғанша сіздерге айтпай-ақ қояйын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын", - деді актриса.

    Сонымен қатар Айгүл Иманбаева келесі жылы ұлы Асылжанның да үйлену тойын да жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

    "Аяғыңыз ауыр ма": Айгүл Иманбаева көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.