jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Тарайтын кез келді": "Орда" тобы сахнамен қош айтыспақ (видео)

    "Орда" тобы
    "Орда" тобы. Фото: Instagram/dastanello

    Отандық танымал "Орда" тобы жақын арада сахнамен қош айтысатынын мәлімдеді. Топ мүшелері осы жылы соңғы турын өткізіп, келер жылдың ақпан айында қоштасу кешін ұйымдастыратынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әйгілі "Орданың" тарайтынын топ әншісі Дастан Оразбеков хабарлады. Өнер иесі 25 жылдан кейін сахнамен қоштасатын уақыт келгенін алға тартты.

    "Осы жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл "Орданың" 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине", - деді өнер иесі.

    Алайда Оразбеков "Орда" мүшелері түбегейлі өнерден кетпейтінін жеткізді.

    "Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Себебі, "Нұрлан Бішкекте "Елес" тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр", - деді ол Revue News бағдарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.