"Күрес, тілекпен бір жыл шыдады": Ләйлә Сұлтанқызы құрбысын еске алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде әсерлі жазба жариялады. БАҚ өкілі жақын құрбысынан айырылып қалғанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Тележүргізушінің сөзінше, құрбысы бір жыл бойы ауыр дертпен күрескен. Алайда ақыры оны жеңе алмаған.
"Алланы сүйдім" деп, кете барды. Соңғы сөзі. Бүгін менің жақын құрбым, 4 баланың анасы, асыл жар Дана Талғатқызы (Канапина) раббысына қайтты. Жаман ауру адамды қоймайды екен. Күрес, тілекпен 1 жыл шыдады. Умраға барамыз деп уәделескен едік, үлгермедік қой. Тірі жанға жамандығы жоқ, ақкөңіл, ашық, идеяға бай, жақындарына адал еді… Өзінің істеп жүрген ісін қалай сүйді. Әр деталь, әр тәтті сондай махаббатпен жасалатын. Артынан өшпес із қалдырды. Жаның жәннаттық болсын, Данақыз", - деп жазды Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2183016-kures-tilekpen-bir-zhyl-shydady-laila-sultanqyzy-qaraly-habardy-zhetkizdi/