jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ауруханадан бір-ақ шықтым": Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр бергенін айтты (видео)

    Айгүл Иманбаева
    Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

    Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева денсаулығы сыр бергенін хабарлап, елді алаңдатты. Өнер иесі түсірілім кезінде өзін жайсыз сезініп, аурухунадан бір-ақ шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айгүл Иманбаева сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Актриса ауруханадан видео жариялап, оқырмандарына қазіргі жағдайын айтқан.

    "Түсірілімнен шығып, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ", - деді өнер иесі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.