Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы ауданда полиция бір тәулікте 30 құқықбұзушылықты анықтады

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полиция бір тәулікте 30 құқықбұзушылықты анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданының аумағында полицейлер рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 10 құқық бұзушыны жауапқа тартқан.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың 12 фактісін, белгіленбеген жерлерде сауда жасаудың 3 фактісін, қоғамдық орындарда тиісудің 3 фактісін анықтады. Бұдан бөлек, полицейлер қоғамдық орында мас күйде жүру мен қару сақтау ережелерін бұзудың бір дерегіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Осы ретте полиция қызметкерлері қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184033-turkistan-oblysynda-politsiia-bir-taulikte-30-quqyqbuzushylyqty-anyqtady/