Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіз үшін төлеп қойды" деді": Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің өзіне жасаған жақсылығын айтты

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Мақпал Жүнісова
Бүркіт пен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/berkut_aibekjan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Бүркіт туралы жазба жариялап, оның өзіне жасаған жақсылығын айтты. Өнер иесі желіде оған алғысын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Бүркітке қатысты қызықты оқиғасын баяндап берді. Эстрада жұлдызы мейрамханада тамақтанып отырып, шотты төлемек болғанда қатты таңғалып қалған. Сөзінше, дәл сол жерде отырған Бүркіт оның шотын толықтай жауып тастаған.

Жүнісова бұл жайтқа қатты таңғалып, Бүркіттің асқан сыйластығына тәнті болған.

"Кешегі кештен Мерей екеуміз үйге керек заттарды алу үшін сауда орталығына бардық. Ол жерде біздің туғандар дақыдырып жүр екен. Содан ішіндегі бір кафеге отырып, кешкі ас ішіп, енді ақшасын төлейін десем "Бүркіт аға сіз үшін төлеп қойды" дейді. Үлкен рақмет, көңіл деген осы ғой. Отбасыңда әрдайым тек қуаныш, береке бола берсін. Ата-анаң аман болып, ғасыр тойын тойлауға Алла нәсіп етсін", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2185529-siz-ushin-tolep-qoidy-dedi-maqpal-zhunisova-anshi-burkitting-ozine-zhasagan-zhaqsylygyn-aitty/