Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көріскенде жыладым": Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен қалай татуласқанын айтты

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсері Баян Алагөзовамен қалай татуласқанын айтты. Өнер иесі біраз уақыт өткен соң ұстазының алдына барып, кешірім сұрағанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге сұқбат беріп, Баян Мақсатқызымен татуласқан кезін еске алды. Шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы продюсерін құшақтап, сағынышын басқысы келгенін жасырмады.

Әуелбекова Баян Алагөзованың алдына баруына оның басынан өткен сынақтары да септігін тигізгенін айтты.

"Ол кісі менің ұстазым ғой. Мен кішірейемін ғой, кешірім сұрадым. Негізі өміріме қарасам, көп жағдайда мен өзім бірінші кішірейеді екенмін. Қалай ренжіп өмір сүруге болады? Мен әттеген-ай деп өмір сүргім келмейді. Бетім ашық болып, адамдармен көрісіп, ешкіммен ешқандай көпесіз, ызасыз жүргім келеді. Баян ханыммен көріскен кезде жыладым. Себебі мен ол кісіні сағындым. Ол кісінің де өмірінде бірталай өзгеріс, жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Ол кісі аман-есен аяққа тұрғаннан кейін мен бардым. Мүмкін сол жағдай маған ой салған шығар. Себебі жас болдым. Сол жағдайдан кейін өзім кішірейіп алдына барғым келді. Сағынышымды басып, құшақтағым келді. Көрісіп, бір жеңілдеп қалдым. Ол кісіде де сондай әсер болды. Бірақ маған "Неге бұған дейін келмедің" деп ұрысты", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2185659-koriskende-zhyladym-moldir-auelbekova-baian-maqsatqyzymen-qalai-tatulasqanyn-aitty/