jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Құдайдан сұрап алған әйелім": әнші Бүркіт келіншегі Аиша туралы айтты

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Отандық танымал әнші Бүркіт келіншегі Аиша туралы айтып, оның бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шықты. Өнер иесі әйелін мақтап, оның асқан қарапайымдылығына тәнті болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бүркіт жеке өмірі туралы Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында сыр шертті. Өнер иесі келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтап, оның қандай қасиеттері өзіне ерекше ұнайтынын айтты.

    "Табыс көзі екеумізде бірдей. Бірге ақша табамыз. Анасына көлік сыйлағанбыз. Анасы екеуі Қарағандыға кеткен кезде сыйлықты дайындап қойдым. Келген кезде Аишаға өзің сыйла деп айттым. "Жоқ" деп бірден бас тартты. "Сенің тапқан ақшаң деп ойлашы" десем де көнбеді. Ол алдай алмайды. Басқасы болса бүкіл әлеуметтік желіде жар салып, "Мен сыйлап жатырмын, мен беріп жатырмын" деп салатын еді. Келіншегімнің осындай болғанына Аллаға тәуба деп айтудан шаршамаймын. Қарапайымдылығы қатты ұнайды. Құдайдан сұрап алған әйелім ғой", - деді Бүркіт.

    "Құдайдан сұрап алған әйелім": әнші Бүркіт келіншегі Аиша туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.