"Шешім қабылдадым": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде маңызды хабарландыру жасады
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үйіне қатысты іс туралы сөз қозғап, бүгінде өзіне алаяқтар хабарласа бастағанын айтты. Қайрат Нұртастың келіншегі бұл жағдайдан кейін бір шешімге келіп, желіде маңызды хабарландыру жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне белгілі тұлғаның атын жамылып хабарласқан алаяқ туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін БАҚ өкілдерін жинап, үлкен баспасөз мәслихатын өткізуге ниетті екенін жеткізді.
Сенбі, жексенбі маған "парламенттен" деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айтуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. "Шеф" өзі айналысып жатыр деді. Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды.
Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине, алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз-конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірі және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын. Мен бұл істі жай қалдырмаймын. Барлық жазбаны дәлел ретінде сақтап қойдым. Анықтаймын", - деп жазды Қайрат Нұртастың келіншегі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2186132-sheshim-qabyldadym-zhuldyz-abdikarimova-zhelide-mangyzdy-habarlandyru-zhasady/