Top.Mail.Ru

Зектілері

"Халқы сондай ақкөңіл": Тұңғышбай Жаманқұлов Шымкент қаласына қатысты ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Тұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов. Фото: "Бірегей" бағдарламасы

Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Шымкент қаласына ықыласы ерекше екенін айтты. Өнер иесі үшінші мегаполис тұрғындарының қонақжайлығына тәнті көрінеді. Бұл жайында ол "Оңтүстік" телеарнасына берген сұқбатында сөз етті.

Тұңғышбай Жаманқұловтың айтуынша, шымкенттіктер өте ақкөңіл. Олардың құшағы келген меймандарға әрдайым ашық.

"Шымкент деген ерекше ғой. Шымкент – ерекше әлем, ерекше қала, ерекше ел. Шымкенттің халқы сондай ақкөңіл, қонақжай, құшағы ашық. Кім келсе де, құшағын ашып, жағдайын сұрап тұратынының өзі – шымкенттіктерге тән қасиет.

Ұшақтан түсе салып, қарсы алған кезде "Көке, шаршамай келдіңіз бе? Орныңыз жақсы болды ма? Қалайсыз?" деген сияқты іші-жаныңа кіріп, бауырмалдығын көрсетіп тұратын сондай ақжарма, ақкөңіл халық. Мен шымкенттіктерді жақсы көремін", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі мәресіне жеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2186270-halqy-sondai-aqkongil-tunggyshbai-zhamanqulov-shymkent-qalasyna-qatysty-oiyn-aitty-video/