Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзім жетті": Баян Мақсатқызы "Қазақ аруы" әділ өтпегенін айтып жатқандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова өзі ұйымдастырған "Қазақ аруы" байқауына қатысты пікір білдірді. Ол жобаның әділетті өтпегенін айтып, наразылық білдірген көпшілікке жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы сұлулық байқауынан кейін алғаш рет Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Продюсер дау тудырған дауыс беру кезеңі туралы айтты.

"Үлкен жоба өткізгеннен кейін қатты шаршайсың. Сіздермен кешегі дауыс беру туралы сөйлесейін деп едім. Бұл тақырыпты көп адам талқылап кетті. Біздің Telegram-дағы арнамыз 100 мыңнан астам дауысты тіркеді. Біздің жобаның жанкүйерлері көп екеніне тағы да көзіміз жетті. Telegram-дағы арнамыз дауыс беру кезінде жарылды десем де болады. Telegram ресми парақшасының өзі бізге адамның көптігінен бот жүктеліп жатқанын хабарлады. Біз барлығын хаттамаға енгіздік. Дауыс беру ашық әрі әділ өткені жайлы дәлел бар. Тағы бір статистикамен бөлісейін. Кеше Youtube "Қазақ аруын" көрген жарты миллион адамды тіркеді. 14 жыл бойы бұл жобаны бекер жасамаппыз. Халықтың сұранысына иеміз. Жобаны жаппаймын деп шештім", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2187737-kozim-zhetti-baian-maqsatqyzy-qazaq-aruy-adil-otpegenin-aityp-zhatqandarga-zhauap-berdi/