Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінезіміз жараспай, екі жаққа кеттік": Жігер Ауыпбаев алғаш рет отбасына қатысты құпиясын жария етті

Жарияланған күні:

Жігер Ауыпбаев
Жігер Ауыпбаев. Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі бұған дейін отбасылы болғанын, бірақ келіншегімен ажырасып кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты. Әнші бұрынғы әйелімен мінезі жараспай, соңында екі жаққа кеткенін айтты.

"Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. "Адамға да адам керек" демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2187797-minezimiz-zharaspai-eki-zhaqqa-kettik-zhiger-auypbaev-algash-ret-otbasyna-qatysty-qupiiasyn-zhariia-etti/