Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менде жаңалық көп": Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі үшінші сәбиін күтіп жүргенін жария етті

Жарияланған күні:

Динара Абдуллина
Динара Абдуллина. Фото: Instagram/dinchikabdullina

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі Динара Абдуллина желіде қуанышты жаңалығын жария етті. Актриса бүгінде үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Абдуллина бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың 70 жас мерейтойынан видео жариялап, көпшілікке үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін көрсетіп қойды.

Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегі отбасындағы қуанышты жаңалықты оқырмандарына барынша астарлап жеткізуге тырысқан.

"Мені театрға қабылдаған Талғат ағамыздың тойы. Менде жаңалық көп. Ал сіздер не байқадыңыздар", - деп сұрады актриса.

Бейнежазбада Динара Абдуллинаның іші шығып қалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов пен Динара Абдуллина бүгінде екі ұлды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2192460-mende-zhangalyq-kop-sabit-abdihalyqovtyng-aieli-ushinshi-sabiin-kutip-zhurgenin-zhariia-etti/