jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін бір жылда қалай өзгеріп кеткенін көрсетті (видео)

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш күйеуі Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткен соң күйзеліске түскенін жасырмады. Өнер иесі бұл қиын кезеңнен қалай өткенін оқырмандарына айтып, бір жылда қалай өзгергенін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында әсерлі видео жариялап, ажырасудан кейін қандай күйге түскенін көрсетті. Оған қоса бейнежазбада әншінің кұйзелістен шығып, бір жылда қандай өзгеріске ұшырағанын байқауға болады.

    "2023 жыл. Ажырасудан кейін күйзеліске түстім, бет терісі бұзылып, өзіме сенімсіздік пайда болды. 2024 жыл. Бет терісін емдеп, өзімді жақсы көріп, құлпырып кеттім. Сахнаға оралдым. Бұл менің трансформациям", - деп жазды өнер иесі.

    Желі қолданушылары Балжан Бидаштың әсерлі видеосынан кейін оған қолдау білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.