"Құны – 7 млн теңге": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзіне қымбат сыйлық жасады (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық танымал әнші, актриса әрі тележүргізуші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет өзіне қымбат сыйлық жасады. Өнер иесі өзін қуанту үшін 7 млн теңге жұмсаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етіп, өзіне жасаған аса қымбат сыйлығын көпшілікке көрсетті.
Шоу-бизнес жұлдызы көптен бері қалап жүрген Cartier брендінен сағат сатып алған. Оның құны – 7 млн теңге.
Әнші аталмыш дүкенге барған сәтінен фото жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өміріндегі жаңалығын жария етіп, елді ойландырып қойған болатын. Өнер иесі ақ көйлек кию өзіне де бұйырғанын айтып, бақытты күні жақындап қалғанын жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2193032-quny-7-mln-tengge-aqbota-nur-seiitmagambet-ozine-qymbat-syilyq-zhasady-foto/