Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашықтығы маза бермей, іздеп келді": Гүлзира Айдарбекова күйеуімен танысқан кезді еске алды

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен
Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жастық шағы туралы сыр шертіп, күйеуі Нұртас Айдарбековпен танысқан кезді еске алды. Сөзінше, жолдасы ол үшін Астанадағы оқуын тастап, Алматыға ауысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында студенттік кезінен фотолар жариялап, естеліктерін бөлісті.

"Алматыға арман қуып, Шымкенттен келген күнім есімде. Күн шыжып тұрған еді. Кұнге қарап түсе салыппын. Керемет өмір күтіп тұрған сияқты сезілетін. Бірақ анаң сен үшін шайын дайындап, бауырларыңмен бірге ойнап-күліп отырған сәт, әр қадамыңды аңдып жүретін мұғалім мен сыныптастап сағыныш болып қалатынын ойламаппын. Мектеп менсіз құлайтын сияқты еді. Бүкіл концерт пен жарыстарға қатысып, орын алып келуші едік. Ұлдар менен басқа ешкімді тыңдамайтын. Мектеп бұрышында суретім ілініп тұратын", - деп жас кезін еске алды продюсер.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың анасы көпшілікке күйеуімен танысқан кез туралы айтып берді.

"Мен мектеп бітірген жылы Нұрекең әскерден оралды. Сол кезде таныстық. Ол Астанаға мен Алматыға жоғары оқуға түсуге кеттік. Ғашықтық маза бермей, іздеп жүріп тауып, бір жылдан соң Алматыға іздеп келіп, Политех институтына түсті. Екінші курста алып қашты", - деді Гүлзира Үсенқызы.

Гүлзира Айдарбекованың Stories-i
Гүлзира Айдарбекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2193105-gashyqtygy-maza-bermei-izdep-keldi-gulzira-aidarbekova-kuieuimen-tanysqan-kezdi-eske-aldy/