Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зәкең болғасын еш арна қабылдамады": Мақпал Жүнісова жарыққа шықпай қалған фильмін көрсетті

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова осыдан 30 жыл бұрын түсіріліп, жарыққа шықпай қалған өзі туралы фильмді бөлісті. Сөзінше, кинода күйеуі Заманбек Нұрқаділов болғандықтан туындыны ешбір арна қабылдамаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында аталмыш фильмнен үзіндіні жариялап, жақын арада оның толық нұсқасын көпшілікке ұсынатынын хабарлады.

Бейнежазбада Мақпал Жүнісованың ауылда сиыр сауып жүргенін көруге болады. Әнші туған ауылына барып, балалық шағы өткен жерімен таныстырған.

"Ты моя мелодия" деген фильм еді. Ішінде Зәкең болғасын еш арна қабылдамады. Архивте шаң басып жатыр. Бұл жерде тіптен саясат жоқ. Енді 11 қаңтар менің туған күнімде YouTube-қа салынады. Бір сағаттық кино. Маған Жанар деген жанкүйерім жіберіпті. Архивтің көкесі осы қызымда", - деп жазды Жүнісова.

Мақпал Жүнісованың қалдырған пікірі
Мақпал Жүнісованың қалдырған пікірі. Скриншот: Instagram/zhunusova.makpal

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2193642-zakeng-bolgasyn-esh-arna-qabyldamady-maqpal-zhunisova-zharyqqa-shyqpai-qalgan-filmin-korsetti/