"Ердос ұшаққа мінбейді": Айдар Тұрғамбек "Жігіттер" тобына қатысты ел білмейтін жайтты айтты
Жарияланған күні:
"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек өзі және әріптесі Ердос Қанаев туралы көпшілік біле бермейтін жайтты айтты. Өнер иесі басқа қаладағы мерекелік шараларға ұшақпен ұшса, әріптесі әуе кемесіне мүлдем мінбейді екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдар Тұрғамбек екі рет жол апатына түскен соң, көлікпен жүруге қорқып қалғанын жасырмады. Сол себепті әнші концерттер мен іс-шараларға ұшақпен ұшуды жөн көреді.
Ал "Жігіттер" квартетіндегі әріптесі Ердос Қанаев керісінше барлық қалаға тек қана көлікпен барады. Өнер иесі ұшаққа мүлдем мінгісі келмейді. Айдар Тұрғамбек ол тіпті Астанадағы шараға да көлікпен баратынын айтты.
"Екі рет жол апатына түскеннен кейін қорқып қалғанмын. Маған ұшақ ыңғайлы. Ішінде ұйықтай аламын. Көлікте өте сақ отырамын. Ұйықтап кеткен жоқ па деп уайымдап отырамын. "Жігіттер" тобымен Өзбекстанда бейнебаян түсірдік. Шекараны өтіп келе жатқанда таңғы уақытта жүргізуші рульге ие бола алмай қалды. Ақыры көлік аударылып кетті. Одан кейін Семейден Өскеменге шыққанда жігіттер ұйықтап қалған. Мен ояу отырмын. Қарасам көлік жүргізушісі көзін жұмып, ұйықтап отыр ғой.
Сондай мәселелерден кейін көлікке қатысты қорқынышым бар. Көп мінгім келмейді. Көлікпен көп жол жүргім келмейді. Ұшақтан қорықпаймын. Ердос бізде керісінше, ұшаққа мінбейді. Ол барлық қаланы тек көлікпен аралайды. Астанаға да көлікпен келеді. Концерт, тойлар болса, Ердос жолын алдын ала ойластырады. Продюсеріміз Ерғали Әбдірайымов уқытын, жүретін жолын өзі есептеп береді", - деді Айдар Тұрғамбек "1001 түн" бағдарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2193656-erdos-ushaqqa-minbeidi-aidar-turgambek-zhigitter-tobyna-qatysty-el-bilmeitin-zhaitty-aitty/