Top.Mail.Ru

Зектілері

"Жалғыз қызым қалды": 95-ке толған Бибігүл Төлегенова балалары туралы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Төлегенова. Фото: "Таңшолпан" бағдарламасы

95 жасқа толған Бибігүл Төлегенова балалары туралы айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі перзенттері туралы ел білмейтін жайтты ақтарды , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы туған күні қарсаңында ҚазАқпарат тілшісіне сұқбат беріп, балалары туралы сыр шертті. Бибігүл Төлегенова дүниеден өткен қызын еске алып, жалғыз ұлының қазіргі жағдайын айтты.

"Құдайға шүкір мына сары қызым бар. Екі қызым, бір ұлым болды. Кіші қызым 2007 жылы жүректен кетті. Жалғыз қызым қалды. Өзі шешеме тартқан. Ұлымның белі ауырып, екінші топтағы мүгедектігі бар. Сол ұлымның Малика деген бір қызы бар. Сол Малика Төлегенова "Астана Операда" директордың халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары. Жуықта Біріккен Араб әмірліктеріне әйгілі "Щелкунчикті" апарып қояды. Былтыр өздері сұранып барып еді, биыл арабтар шақырыпты. 

Екі шөберем Бибігүл Төлеген атындағы креативті мектепте оқып жатқанын айттым. Бір шөбереме әкемнің атын қойғанбыз. Сол Ахмет домбыраны жақсы көреді. Кезінде Қаршыға Ахмедияров өзінің коллекциялық домбырасын сыйлаған. Соны осы шөбереме әкеп бердім. Скрипканы да үйреніп жүр екен. Әкем сияқты азамат бола ма деп үміттенемін. Дауысы да керемет", - деді Төлегенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2201133-zhalgyz-qyzym-qaldy-bibigul-tolegenova-balalary-turaly-zhan-syryn-aqtardy/