"Қалтамда ақша жоқ, қарным аш еді": Мақпал Жүнісова марқұм Мұрат Ерғалиевті еске алды
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм продюсер Мұрат Ерғалиевті есіне алып, желіде оған жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Мақпал Жүнісова белгілі продбсер туралы естелігін Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Өнер иесі Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынғанын айтып, оның анасының асқан қамқорлығын атап өтті. Сөзінше, ақшасы жоқ кезде продюсердің анасы оны тегін тамақтандырған.
"Марқұм Мұрат Ерғалиевтің дауысын сағынып қалыппын, марқұм анасы радиода буфетте қызмет еткен еді. 5-сыныптан бастап Алматыдағы радиоға жиі баратынмын. "Туған жер", "Анажан, Папажан, "Өнерге қанат қаққандар" деген хабарға да Нұрахмет Жорабаев аға шақыратын. Сонда қалтамда ақша жоқ, қарным ашып кеткенде буфетке барып, Мұрат Ерғалиевтің анасына ән айтып беретінмін. Анасы тойдырып жіберетін, топырақтары торқа болсын. Осы "Душа артиста" документальный киноны марқұм Мұрат Ерғалиев 1992 мен 1995 аралығында түсірген еді", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2201522-qaltamda-aqsha-zhoq-qarnym-ash-edi-maqpal-zhunisova-marqum-murat-ergalievti-eske-aldy/