Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнін Парижде қалай атап өткенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 47 жасқа толды. БАҚ өкілі бұл жолы туған күнін махаббат қаласы Парижде атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызының туған күніне орай Франция еліне аттанғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Тележүргізуші парақшасында Парижден видео жариялап, өзін жаңа жасымен құттықтады.

"Туған күніңмен, Сұлтанның қызы", - деп жазды ол.

БАҚ өкілі 47 жасын махаббат қаласында атап өтуді шешкен. Желіде бөліскен бейнежазбада Ләйлә Сұлтанқызының әйгілі Эйфель мұнарасының қасында гүл шоқтарымен серуендеп жүргенін байқауға болады.

"Жылына бір рет келетін бұл күнді тыныштықта қарсы алғым келді. Жалғыздар мен ғашықтар қаласы Париж", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2202026-laila-sultanqyzy-tugan-kunin-parizhde-qalai-atap-otkenin-korsetti-video/