jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сағынып қалыппын": Мақпал Жүнісова Қайрат Нұртаспен кездескен сәтін көрсетті (видео)

    Қайрат Нұртас пен Мақпал Жүнісова
    Қайрат Нұртас пен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде Қайрат Нұртаспен кездескен сәтін көрсетіп, елді сүйсінтті. Оқырмандар қос жұлдыздың өзара сыйластығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Қайрат Нұртас екеуінің видеосын Instаgram-дағы парақшасында жариялаған. Өнер иелері әуежайда кездейсоқ кездесіп қалған.

    Жүнісова Қайрат Нұртасты көргеніне аса қуанышты екенін айтты. Хитмен әнші де өнердегі әпкесіне асқан сыйластығын танытты. Ол эстрада жұлдызын құшақтап, бетінен сүйді.

    "Құрметті халайық, Қайратжанмен әуежайда кездесіп қалып, мәз болып отырмын. Сағынып қалыппын өзіңді, аман болшы. Қайратжан екеумізден баршаңызға жалынды сәлем", - деді Мақпал Жүнісова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.