"Жұғысты болсын": блогер Мереке Қалбаеваға құрбылары қымбат сыйлық тарту етті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал блогер әрі жайдарманшы Мереке Қалбаеваға құрбылары тосынсый жасап, қымбат сыйлық тарту етті. Желі жұлдызы ойламаған жерден жаңа көліктің иесі атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мереке Қалбаеваның құрбылары оған су жаңа көлік сыйлады. Блогер бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Желі жұлдызы жаңа видео бөлісіп, көпшілікке достары ұйымдастырған тосынсыйды көрсетті.
Қалбаеваның құрбылары мерекелік шарада сөз сөйлеп, артынан оған автокөліктің кілтін табыстады. Мұндай сыйлықты мүлдем күтпеген блогер қатты таңғалып, соңында жылап қалды.
Жайдарманшының достары оған KIA көлігін сыйлаған.
"Жүректеріңізге маған деген махаббатты салған Аллаға мың шүкір! Дүниемен сыйласқан адам ешқашан дегеніне жетпейді, ең бастысы ниетің таза, пейілің кең болсын. Сол кезде Алланың берері көп болады. Осындай мықты орта бәріңізге жұғысты болсын", - деген әсерлі жазба қалдырды Қалбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2202246-zhugysty-bolsyn-bloger-mereke-qalbaevaga-qurbylary-qymbat-syilyq-tartu-etti-video/