Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашын алып, сақал қойған": өзгеріп кеткен Еркін Мәуленді ел танымай қалды (видео)

Жарияланған күні:

Еркін Мәулен
Еркін Мәулен. Видеодан кадр: Instagram/altynbek__rakhmetov

Отандық танымал әнші Еркін Мәулен ел алдына түбегейлі өзгеріп кеткен образда шығып, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесін желі қолданушылары ғана емес, жұлдызды әріптестері де танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сахнадан көптен бері көрінбей кеткен әншінің видеосын белгілі продюсер Алтынбек Рахметов Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бейнежазбада Еркін Мәуленнің образын түбегейлі өзгертіп тастағанын көруге болады. Шоу-бизнес өкілі шашын алып, сақал қойған.

"Еркін Мәуленді таныдыңыздар ма?! Қандай әндері әлі есіңізде", - деп жазды Рахметов.

Желі қолданушылары өзгеріп кеткен Еркін Мәуленді танымай қалған. Тіпті әншінің өнердегі кейбір әріптесі де оны көріп, қатты таңғалған.

"Николай Василенко деп ойладым", - деп жазды Баян Мақсатқызы.

"Маржан Арапбаевамен дуэт орындайтын", "Шашын алып, сақал қойыпты. Мүлдем танымастай өзгеріп кетіпті", "Сіз жазбасаңыз танымас едім", "Керемет әнші еді, дінге бет бұрған ба?!", "Шашын бетіне жабыстырып алған ба?!", "Гүл сезім" деген әні керемет еді", "Жоқ болып кеткен еді, жарқ етіп шықты ғой", "Баян Мақсатқызы танымай қалғасын, бізден несін сұрайды", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2202296-shashyn-alyp-saqal-qoigan-ozgerip-ketken-erkin-maulendi-el-tanymai-qaldy-video/