jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Балақтан тартпайық": Дариға Бадықова желіде көпшілікке үндеу жасады

    Дариға Бадықова
    Дариға Бадықова. Фото: Instagram/dariga_badykova

    Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына үндеу жасады. Өнер иесі көпшілікті біреудің маңдай терін бағалауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дариға Бадықова "Таптым-ау сені 2" фильмі 1 млрд теңге табыс әкелгеннен кейін Instagram-дағы парақшасында байланысқа шығып, көрермендерге алғысын айтты.

    Оған қоса өнер иесі еңбек туралы сыр шертіп, оқырмандарына үндеу жасады.

    "1 млрд құтты болсын! Хайп десеңіз де, хейт десеңіз де қалыспайық деп шырылдаған шыбын жаным-ай! Құдай млрд нәсіп етті, шүкір! Ниетім Аллаға аян. "Таптым-ау сені-2" жарыққа шыққаннан бастап "Күшті кино, көріңіздерші" деп жария салғаным бекер емес. Бұл туындыда жарғақ құлағымыз жастыққа тимей еткен еңбегіміз, махаббатымыз, сарп еткен уақытымыз бар. Көрген көзден әдемі жылы пікірлер ақтарылып жатыр. Расында ой салар тұсы көп, диалогтар әлсіз емес. Бір-бірімізге жанашыр, дос болайық, балақтан тартпайық, біреудің маңдай терін құнсыздандырмайықшы. Қазақ қашан да өзін өнерімен, спортпен дәлелдеп келеді. Шын өнерлі ұрпақ болайық", - деп жазды Бадықова.

    "Балақтан тартпайық": Дариға Бадықова желіде көпшілікке үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.