Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова ата-анасының тағы бір арманын орындады (видео)

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен
Мөлдір Әуелбекова ата-анасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ moldir. auyelbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ата-анасының асқақ армандарының бірін орындап, оларды ерекше қуантты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әнші ата-анасының көптен бері армандап жүрген саяхатын ұйымдастырған. Белгілі болғандай, жұлдызды жанұя круизбен саяхаттауға аттанған.

Мөлдір Әуелбекова жеке парақшасында арнайы видео жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Бейнежазбада эстрада жұлдызының жақындарымен су кемесіне жайғасып, ерекше уақыт өкізіп жатқаны көрініс тапты.

"Бізбен саяхатқа! Ата-Анамның тағы бір арманын орындауды бұйырыпты! Жұғысты болсын! Әмин", - деген жазба қалдырды әнші.

Желідегілер жұлдызды отбасыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205186-moldir-auelbekova-ata-anasynyng-tagy-bir-armanyn-oryndady-video/