"Ажал айтып келмейді": Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кеше, 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Ләйлә Сұлтанқызы 38 адамның өмірін қиған ұшақ апаты туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. БАҚ өкілі үйіне, жақындарына асыққан жандардың жете алмай, осындай қайғылы жағдайға тап болғанына өкінішін жеткізді.
"Біреу үйіне жаңа жылды қарсы алуға бара жатты. Біреуді жұмысына анасы шығарып салды. Біреу саяхаттап шыққан шығар. Біреу ғашығына асықса ше? Біреуді достары күткен болар. Біреу ата-анасына, бала-шағасына, жарына жете алмай қалды-ау. "Ажал айтып келмейді" дейміз ғой, бірақ жақынын жоғалтқан адамды ештеңе қазір жұбатпайды. Өте үлкен психологиялық көмек қажет. 67 тағдыр… Қазір құтқарушылар, дәрігерлер қолдан келгенше көмек беруде", - деп жазды тележүргізуші.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Дина Төлепберген де Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205293-azhal-aityp-kelmeidi-laila-sultanqyzy-aqtau-mangynda-bolgan-ushaq-apaty-turaly-aitty/