"Ұшақта құрбымның ұлы болды": әнші Роза Зергерлі Қазақстандағы концерттері өтпейтінін хабарлады
Жарияланған күні:
![Роза Зергерлі Роза Зергерлі](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/e0a5fbe8f1837299.jpeg)
Әзербайжандық танымал әнші Роза Зергерлі Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарға үндеу жасады. Өнер иесі қайғылы жағдай кейін Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концерттері өтпейтінін хаьарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Istedim" әнінің орындаушысы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, көпшілікке үндеу жасады. Өнер иесі қайғылы жағдайдан кейін концерт бере алмайтынын жеткізді.
Роза Зергерлі қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтты. Оған қоса әнші апатқа ұшыраған ұшақта жақын құрбысының ұлы болғанын жеткізді.
"Құрметті оқырмандар! Үндеуімді орыс тілінде айтамын. Кеше қайғылы жағдай орын алды. Бұл тек Әзербайжан үшін емес, Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей және т.б елдер үшін де үлкен қайғы болды. Бұл – біздің ортақ қайғымыз. Бұлай болады деп ойламадық. Қазір мен Қазақстандамын. Бұл жерде жоспарланған концерттерім, гастрольдік турым бар. Бірақ бүгінгі концертті болдырмадым. Қайғылы жағдайдан кейін бас тарттық. Ертең де солай істейтін боламыз. 1500 адам жиналған концертке бардым. Бірақ мен ән салмадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Халық бұл шешімімді дұрыс қабылдап, қолдау білдірді. Ұшақ апатынан қаза тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Бұл – орны толмас өкініш пен трагедия. Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды", - деді өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205329-ushaqta-qurbymnyng-uly-boldy-anshi-roza-zergerli-qazaqstandagy-kontsertteri-otpeitinin-habarlady/