"Атын естігенде жүрегім жарылады": эфирден Мақпал Жүнісованы көрген көрермен жылап қалды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова отандық бағдарламалардың біріне қонақ болып барып, көрерменді жылатып қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тарқатып жазады.
"Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында Мақпал Жүнісованың қатысуымен ерекше жағдай болды. Өнер иесінің тыңдарманы тікелей эфирге хабарласып, әртіске жылы лебізін білдіріп жатқанда жылап қалды.
"Мақпалды көргеніме қуаныштымын. Құдай қаласа Жаңа жылда жаңа табысқа жетіп, қызыңыздың қызығын көріңіз. Той болсын. Әрдайым осылай жайнап жүре беріңіз. Алланың берген жасын жасап, осылай кеңпейіліңізбен Қазақстанда көркейіп, жаңара беріңіз. Сізді өмір бақи жақсы көремін. Әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Не деген керемет қызсыз, Мақпал Жүнісова. Сіздің атыңызды естігенде жүрегім жарылады. Деніңіз сау болсын, әпке", - деді көрермен.
Бұл жылы сөздерден кейін әншінің де көзіне жас келді. Ол ыстық ықыласын білдірген тыңдарманына сыйлық жіберуге ниетті екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205447-atyn-estigende-zhuregim-zharylady-efirden-maqpal-zhunisovany-korgen-korermen-zhylap-qaldy-video/