"Жанымызды шүберекке түйдік": Ләйлә Сұлтанқызы желіде жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы жаңа жазба жариялап, желіде жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі 38 адамның өмірін қиған жағдай өзіне аса ауыр тигенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы қайғылы жағдай туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Тележүргізуші бұл қаралы хабардан кейін халық бауырмалдық пен бірліктің қадірін түсініп, нағыз жанашырлықты көрсетті.
"Бармын, бауырым. Бүгінгі күн оңай болған жоқ. Баршамызға бұл қаралы хабар ауыр тиді. Бауырмалдық, татулық, бірліктің қадірін тағы бір мәрте түсіндік. Мәжбүрсіз қан тапсыру, күштеусіз көмектесу, ТЖМ, ДСМ, облыс, қала әкімдігінің, белсенді азаматтардың қолдауы, кәсібилік, жылдамдық. Рас, көрші ақысы - тәңір ақысы. Тағдыры талқан болған қанша азамат үшін жанымызды шүберекке түйдік. Аман қалғандар үшін тек "шүкір" дей бердік. Дос, бауыр, жанашырлықтың айқын көрінісі. Зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын! Иманды болсын", - деп жазды журналист.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205849-zhanymyzdy-shuberekke-tuidik-laila-sultanqyzy-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/