"Орны толмас қаза": Димаш Құдайберген Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген көпшілікті дүрсілкіндірген қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі желіде ұшақ апаты туралы әсерлі жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайберген ұшақ апатында жақынынан айырылғандарға қайғыра көңіл айтты. Өнер иесі бұл орны толмас қаза болғанын алға тартты.
"Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзербайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы оқиға орын алды. Әзербайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2205879-orny-tolmas-qaza-dimash-qudaibergen-aqtaudagy-ushaq-apatyna-qatysty-pikir-bildirdi/