Top.Mail.Ru

Зектілері

"Раймның ұрпағын көбейту бұйырыпты": Ерке Есмахан үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария етті

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раймның отбасында қуанышты жағдай орын алды. Ерлі-зайыпты тағы да балалы болатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты хабарды Ерке Есмаханның өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі жолдасы Райм мен екі ұлымен түскен суретті жариялап, көпшілікке сүйінші жаңалығын жеткізді. Фотода әншінің іші шығып қалғанын байқауға болады.

"Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. "Ерке Сотуар" дың тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяны жарыса құттықтап, ақ тілегін жаударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2206205-raiymbekting-urpagyn-kobeitu-buiyrypty-erke-esmahan-ushinshi-sabiine-aiagy-auyr-ekenin-aitty/