jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мадина Сәдуақасова Жаңа жыл қарсаңында ерекше отбасылық видео жариялады

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде Жаңа жыл қарсаңында ерекше видео жариялап, оқырмандарын қуантты. Өнер иесі бұл жолы бейнежазбаға жолдасы мен ұлын да түсірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сәдуақасова отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада жұлдызды жанұя мүшелері "Простоквашино" мультфильміндегі кейіпкерлердің рөлін сомдаған.

    "Анаңызды мында да көрсетіп жатыр. Техниканың дамып кеткенін қараңызшы. Отбасымыздың атынан Жаңа жылға ностальгиялық видео қабыл алыңыздар! Сіздің ойыңызша, өз рөліне жараса кеткен, ең күшті ойнаған кім", - деп жазды өнер иесі.

    Желі қолданушылары мультфильм кейіпкерлерін айнытпай салған жұлдызды отбасыға тәнті болған.

    "Қандай керемет жанұяңызбен", "Жездеміз жарапты. Мықты актер екен", "Бәрі өз рөлін керемет алып шықты", "Мынау деген керемет ностальгия болды", "Жып-жылы, жайма шуақ көрініс", "Балалық шаққа қайта оралғандай болдым", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.