Мөлдір Әуелбекова отбасымен шетелде қалай демалып жатқанын көрсетті (фото, видео)
Жарияланған күні:
![Мөлдір Әуелбекова Мөлдір Әуелбекова](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/cb059bfd6473b4ae.jpeg)
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жаңа жыл қарсаңында отбасымен шетелге аттанды. Өнер иесі ата-анасы мен балаларымен Біріккен Араб Әмірліктерінде қалай демалып жатқанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақында ата-анасының асқақ арманын орындап, круизге жолдама әперген Мөлдір Әуелбекова енді көптен күткен демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Әнші Instagram-дағы парақшасында Біріккен Араб Әмірліктерінен фото мен видео жариялап, саяхатынан алған әсерін бөлісті.
Шоу-бизнес жұлдызы жанұясымен Абу-Даби қаласының әсем жерлерін аралап шыққан. Әуелбекова күллі әлемге әйгілі Шейх Зайед мешітінде де болған.
Оған қоса өнер иесі дельфиндерді көрген сәтін де бөлісті.
"Ең керемет сәттер! Отбасыңмен өткізген әрбір сәт өте бағалы. Бізбен дельфиндерге! Өмір сәттерден тұрады. Сәттер эмоциялардан құралады! Эмоция Алланың әрбір нығметін сезінуден туындайды", - дешен жазба қалдырды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2206625-moldir-auelbekova-otbasymen-shetelde-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-foto-video/