Отандық жұлдыздар Жаңа жылды қалай қарсы алды
Жарияланған күні:
Күні кеше барша қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесін тойлады. Қаладан қалаға үздіксіз гастрольдік сапармен жүретін өнер иелері де бұл мейрамды отбасымен бірге атап өтті. Отандық жұлдыздардың Жаңа жылды қалай қарсы алғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас 31 желтоқсанды өз жанұясымен бірге Астанада өткізді. Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарымен бірге дастархан жайып, пәтерін ерекше безендірген. Жұлдызды жанұяның жаңа жылдық отырысына Әбдікәрімованың анасы да келген.
Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртастың ата-анасы мен бауырлары да Жаңа жыл мерекесін Астана қаласында атап өткен. Алайда олар қымбат қонақ үйлердің бірінде тойлауды шешкен. Айдарбековтер бұл мейрамды ұлдары мен келіндерімен ғана емес, құдаларымен де бірге өткізген. Гұүлзира Айдарбекова желіде жаңа жылдық кештен видео жариялады.
Жазира Байырбекова
Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова биыл Жаңа жылды шетелде қарсы алуды жөн көрген. Жұлдызды отбасы балаларымен Таиландқа аттанып, 31 желоқсанды Пхукетте өткізді. Ерлі-зайыптының Жаңа жылдық отырысына Сәкен Майғазиевтің де ұлы барып қосылған.
Ләйлә Сұлтанқызы
Белгілі тележүршізуші Ләйлә Сұлтанқызы Жаңа жылды үйінде анасы мен екі ұлымен бірге қарсы алды. БАҚ өкілі отбасылық жиыннан фото бөлісті.
Тамара Асар
Тамара Асар да бұл мерекені тек өз отбасымен атап өткен. Жұлдызды жанұя бірдей киім киіп, Жаңа жылды ерекше қарсы алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2207466-otandyq-zhuldyzdar-zhanga-zhyldy-qalai-qarsy-aldy-foto-video/