Top.Mail.Ru

Зектілері

Дина Төреәлі екінші ұлын қырқынан шығарды (фото)

Жарияланған күні:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген белгілі блогер Дина Төреәлі жақындарының арасында ұлының "Қырқынан шығару" рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Төреғали Төреәлінің қарындасы отбасындағы қуанышты жаңалықты Instagram-дағы парақшасында жария етті. Желі жұлдызы түрлі фотолар бөлісіп, көпшілікке "Қырқынан шығару" рәсімі қалай өткенін көрсетті.

Жұлдызды жанұя барлық дәстүрді ұстанып, сәбиді бесікке бөлеген. Оған қоса Дина Төреәлі бұл атаулы күнге қатты дайындалған. Ол баласының алғашқы мерекесіне орай үй мен дастарханды ерекше безендірген.

"Алланың қалауымен бүгін Ибраһим баламызды 33 күнде қырқынан шығардық. Адам қатарына қосылған кішкентай балапаным үлкен азамат болып өссін. Естелікке суреттерді осында қалдырдым", - деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2208072-dina-toreali-ekinshi-ulyn-qyrqynan-shygardy-foto/