Top.Mail.Ru

Зектілері

"Арманым орындалды": әнші Назима жақсы жаңалығын жария етті

Жарияланған күні:

Назима
Назима. Фото: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова желіде жақсы жаңалығын жария етті. Өнер иесі 2025 жылды асқақ арманын орындаудан бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған Назима Жәнібекова бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен бөлісті. Өнер иесі 2025 жылы асқақ арманын орындап, елорданың қақ ортасынан пәтер сатып алғанын хабарлады.

Әнші ару су жаңа пәтерінен видео жариялап, әсерлі жазба жариялады.

"Тағы бір арманым орындалды. 2025 жылды жаңа пәтермен қарсы алып жатырмын. Астананың қақ ортасында орналасқан жаңа тұрғын үйден баспаналы болдым. Өмірімде болып жатқан барлық жайттарға ризамын, қуаныштымын", - деп жазды Назима.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2208117-armanym-oryndaldy-anshi-nazima-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti-video/