Top.Mail.Ru

Зектілері

"Кінәні өзімнен іздедім": Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының өлімі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі қайғылы жағдайдан кейін өзінен кінә іздегенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, күйеуінің жақындары қайғылы жағдайдан кейн оны сөкпеген. Керісінше, журналист жолдасының қазасынан кейін кінәні алдымен дәрігерлерден, кейін өзінен іздеген.

Ол сол сәтте жолдасының қасында болмағанына қатты өкінетінін жеткізді.

"Жолдасыңды неге тексертпедің? Неге алдын алмадың" деп мені ешкім сөккен жоқ. Керісінше, мен өзімді сөктім. "Сол кезде айтқанын тыңдап бармай-ақ қоюым керек пе еді? деп ойладым. Сол кезде Chekup өтетін кез жақындап қалған еді. "Ертерек өту керек пе еді?" деген көптеген сұрақтар болды. Кінәні іздей бересің. Мен өзімнен іздедім. "Неге олай болды" деп күйіндім. Бірақ дигнозын білгенде оған ешкім көмектесе алмайтынын түсіндім. Басында өзім де біреуден кінә іздедім. Дәрігерлер неге көмектесе алмады деп ойладым", - деді тележүргізуші "Din Dina Show" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2208690-kinani-ozimnen-izdedim-laila-sultanqyzy-zhan-syryn-aqtardy/